Мұнда республика бойынша алғашқы рет Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне кандидаттарды сайлау өтті.
Дауыс беру 25-30 қараша аралығында онлайн түрде vote.atameken.kz сайттында, сондай-ақ 14 сайлау учаскесінде офлайн негізінде өтті: олардың қатарында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және «Атамекен қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамтудың 12 орталығында өтті.
Дауыс беру кезеңіне 135 кандидат ұсынылды, оның ішінде 78 кәсіпкер (57,8%) – онлайн, ал 57 (42,2%) – офлайн арқылы өтінімдерін берді.
Кандидаттардың жалпы санынан 15,6% – өнеркәсіп саласы, 30,4% – қызмет көрсету, 15,6% – сауда, 4,4% – IT және байланыс, 2,9% – көлік және логистика, 3,7% – әлеуметтік сала, 7,4% – құрылыс және құрылыс материалдары, 20% – бірлестік өкілдері болды.
Дауыс беруге Алматы қаласынан 29559 кәсіпкер қатысты, оның ішінде 15474 кәсіпкер (52,3%) – онлайн, 14085 кәсіпкер (47,7%) – офлайн арқылы дауыс берді.
Дауыс беру нәтижелері бойынша «Атамекен» ҰКП квотасына сәйкес, ең көп дауыс мына салалардан жиналды:
өнеркәсіп саласы -
Наталья Ахшабаева («Семирамида» тігін компаниясы» ЖШС),
Алма Мұқашева («Цин-Каз» ЖШС),
Данияр Алшанбаев («Аврора» өндірістік кешені» ЖШС),
Жетпісбай Едігенов («Алматы машина жасау зауыты» АҚ),
Ғалымжан Жексембиев («Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС),
Артур Котенев А.Э («Бастау Энерго» ЖШС);
қызметтер -
Әсет Нұрпейісов («Бухта kz» ЖШС),
Чинара Бұғымбаева («Қағанат сервис компаниясы» ЖШС),
Дмитрий Казанцев (Дмитрий Казанцев ЖК),
Тасбике Күдікова («Қазақстан Халық Банкі» АҚ Алматы облыстық филиалы),
Талғат Молдазимов («DATEX Engineering» ЖШС);
сауда саласы –
Николай Ли («BEVERLEE CLUB» ЖШС),
Константин Босиков («IZO-MARKET KM» ЖШС),
Жанар Кұрабаева («Тигрохуд фирмасы» ЖШС),
Ұлан Қасымбеқ («Petroprox» ЖШС);
IT және байланыс –
Алмат Мендебаев («IBS GROUP» ЖШС),
Максим Барышев («THE BOSS MEDIA GROUP» ЖШС);
көлік және логистика –
Сәбит Аманбаев («Мадина» ЖШС),
Нұржан Қожамұратов («AGRОLIFE HARVEST» ЖШС);
әлеуметтік сала –
Кенжебек Ибрашев («ҚБТУ» АҚ);
құрылыс және құрылыс материалдары –
Кирилл Польский («KMK INVESTMENT» ЖШС),
Фатих Узуноглу («GALAXSI» компаниялар тобы);
бірлестіктер –
Мунавара Палташева («Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы),
Рашида Шайкенова (Қазақстан Туризм қауымдастығы),
Ерлан Қуанышев («Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы» ЗТБ),
Павел Беклемишев («Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ),
Игорь Проценко («Қазақстан Республикасының ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ),
Бахытжан Абдрасилов («КАЗКА» Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ),
Қазыбек Шейх («Кооперативтердің ұлттық қауымдастығы және экономикалық қауымдастықтардың басқа нысандары» ЗТБ),
Дмитрий Васильев («Қазақстанның Ұлттық өнеркәсіп палатасы» Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» ЗТБ).
Өңірлік кеңестің құрамын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы бекітті. Үміткерлердің 8-і – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен, 10 – орта бизнес өкілдері, 4 – шағын бизнестен, 8 – бірлестіктер қатарынан таңдалды.
«Біз Алматы кәсіпкерлеріне белсенділік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз, Өңірлік кеңесте тек 30 орын ғана болғаны өте өкінішті. Қалған барлық кандидаттардың белсенді ұстанымдары мен бизнестегі мол тәжірибелерін ескере отырып, алдағы уақытта Кәсіпкерлер палатасының және Өңірлік кеңестің салалық комитеттеріне және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне қатыса алатын болады. Сонымен қатар, олардың барлығы Өңірлік кеңестің резервінде тұрады және өңірлік кеңестің құрамы өзгерген жағдайда Кеңестің бос орындарына бірінші болып шақырылатын болады», – деп мәлімдеді Сайлау комиссиясының төрағасы және Өңірлік кеңестің бұрынғы төрағасы Юрий Тілеумұратов.
АНЫҚТАМА
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі – құрамында 30 адамнан тұратын бақылаушы орган. Кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем көрсетеді; Палата міндеттерінің орындалу барысын және мақсаттарына қол жеткізілуін бақылайды; Палатаның ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторларының мүдделерін есепке алуды қамтамасыз етеді; Палата басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келісім жүргізеді; кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді және тағы да басқа қызметтерді атқарады.