• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

АЛҒАШҚЫ ДОПТЫ НҰРБОЛ СОҚТЫ

809 рет
көрсетілді

Өткен аптада футболдан Қазақстан премьер-лигасының он тоғызыншы маусымы жалауын көтерді. Биылғы маусымға өткен жыл­да­ғ­ыдай 12 команда қатысатын болады. Олар – “Ақтөбе”, “Ло­ко­мотив” (Астана), “Шахтер” (Қа­ра­ғанды), “Тобыл” (Қостанай), “Же­тісу” (Талдықорған), “Ат­ырау”, “Ордабасы” (Шым­кент), “Тараз”, “Ертіс” (Павлодар), “Қай­рат” (Алматы), “Оқжетпес” (Көк­шетау) және “Ақжайық” (Орал). Алғашқы турда мына ко­мандалар кездесті. Астанада пре­мьер-лигаға оралған Алматының “Қайрат” командасымен кездескен “Локомотив” тең ойнады. Есеп – 0:0. Премьер-лигаға жолдама алған тағы бір команда “Ақжайық” өз алаңында “Ертіспен” ойнап, 1:4 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Ал Қостанайдың орталық стадионында өткен маусымашар матчта жергілікті “Тобыл” “Тараз” командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта биылғы маусымның алғашқы добын Нұрбол Жұмасқалиев соқты. Шымкентте Көкшетаудың “Оқжетпес” командасын қабылдаған “Ордабасы” олармен тең тарқасты. Есеп – 1:1. Ал осы турда кездесулері жоспарланған “Жетісу” – “Шахтер”, “Ақтөбе” – “Атырау” ойындары ауа ра­йының қолайсыздығына байла­нысты кейінге қалдырылды. Келесі турдың кездесулері ертең өтеді. БАЛУАННЫҢ ЖҮЛДЕСІ Алматыда грек-рим күресінен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Кеңес Одағының 7 дүркін чемпионы, әлем және Еуропа чемпионы, Сеул және Атланта Олимпиадасының жүлдегері, даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін республикалық турнир өтті. Екі күнге созылған турнир 10 салмақ дәрежесі бойынша өтіп, онда мына балуандар жеңімпаз атанды. Ең жеңіл, яғни 42 килода Айбек Марданов (БҚО), 46 килода Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе) жеңіске жетсе, келесі 50 кило салмақта күш сынасқан 22 балуанның арасында Жамбыл облысының өкілі Абылай Медеуовтің бағы жанды. Одан кейін болған сындарда Алма­тының “Дәулет” спорт мек­те­бінің шәкірті Мақсат Әйтпеков (54 кг), Жасұлан Өмірзақов (58 кг), Дәулет Батырбеков (63 кг, екеуі де ОҚО), Әбунасыр Өмір­зақ (69 кг, Жамбыл облысы), Рашид Качиев (76 кг, ОҚО), Абзал Маратұлы (85 кг, Алматы) және 100 килодан астам салмақта Азат Шәукіров (СҚО) жеңімпаз атанды. Енді турнирдің алғашқы күні 42, 50, 58, 69, 85 кило салмақ дәрежелерінде бас жүлдені алған балуандар Ташкентте өтетін ли­цензиялық жарысқа қатысады. Турнирдің соңында же­ңім­паз­дар мен жүлдегерлер арнайы мақтау қағаздарымен бірге бағалы сый­лықтармен марапатталды. Сол кезде Дәулет Болатұлы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауданында болған су тасқынынан зардап шеккендерге 3 млн. теңге кө­лемінде қаржылай көмек көрсететінін айтты. Дастан КЕНЖАЛИН.