• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елбасы 27 Шілде, 2013

Назар аударатын мәселелер бар

375 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. 

С.Мыңбаев ұлттық компа­нияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы тура­лы хабардар етті және таяу ке­лешектегі жоспарлар туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қаз­Мұ­найГаз» ҰК» АҚ отандық ірі компаниялардың бірі болып табылатынын, еліміздің экономикасының дамуы көп жағдайда оның қызметіне байланысты екенін атап өтті, сондай-ақ технологиялық күрделі жобаларды іске асыру үшін өзіміздің жоғары білікті кадрларымызды даярлау қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі .

Соңғы жаңалықтар