• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Желтоқсан, 2019

Билл Гейтс: Үкімет мен сияқты ауқатты адамдарға салықты өсіруі керек

278 рет
көрсетілді

Әлемдегі екінші бай адам Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында өмірінде 10 миллиард доллар салық төлегенін айтқан. Сондай-ақ ол «бірақ одан да көп төлеуім керек» деген. Бұл туралы lifter.com хабарлады.

Кәсіпкер АҚШ тарихындағы ең ірі салық төлеуші болуы мүмкін екенін мойындады.

«Үкімет мен сияқты ауқатты адамдарға салықты өсіруі керек» деді ол сұхбат барысында.

Миллиардер Трамп әкімшілігі жүргізген салық реформасын және оның бір жылға созылғанын сынға алып, оны «регрессивті шара» деп атады.

«Ең бай адамдар орта және төменгі санаттарға қарағанда айтарлықтай жеңілдік алады. Сондықтан олар көбірек төлеуі керек» деді Гейтс.

Гейтстің айтуынша, халықтың алтыдан бір бөлігі қанағаттанарлықсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүретін АҚШ-тағы өсіп келе жатқан теңсіздік барлық демократиялық елдерді қозғайтын проблема.