• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2013

Ақпараттар ағыны

290 рет
көрсетілді

*Қазақстанда жылдың алғашқы жартысында 69 875 жаңа көлік сатылды. Елімізде 2010 жылы қолға алынған автомобиль нарығының қазіргі ахуалы сатып алушылардың басым бөлігінің өзімізде құрастырылған машиналарды таңдай бастаға­нын байқатты.

* Республикалық талап­кер­лерді кешенді тестілеу сынағының қорытындысы шықты. Оған 76655 мектеп түлегі қатысты. Нәтижесінде 48680 талапкер шекті межеден өте алмады. Бұл барлық қатысушылардың 63,5 пайызын құрайды.

* Алматы хайуанаттар бағын қайта жаңғыртатын бизнесмендер табылды. Бұл жұмыс құрамына жеті адам енген қоғамдық кеңестің құрылуы арқылы жүзеге асады.

* Қостанай облысында биылғы 6 айда 270 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Бұл жөнінде облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлімдеді. Аймақта қазір өнеркәсіп өнімдерін шығарумен 500-ден астам кәсіпорын айналысады.

* Қызылорда қаласында 20 көшенің табанжолдарын жөндеу қолға алынды. Бұл туралы мәлімдеген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жергілікті бюджеттен бөлінген 923 млн. теңгеге қазір 24,3 шақырымдық табанжол, 37 көп қабатты тұрғын үйдің аулаішілік алаңдары мен автотұрақтары реттеліп жатқанын айтты.

* Ақтөбе облысында ауыл округтері әкіміне үміткер 434 кандидат тіркелді. Мұнда 149 орынға 449 өтініш келген. Енді олар 7 тамыз күні сайлаушылар жиналысында таңдауға түседі.

* Павлодарда жыл басынан бері 286 жұмыссыз адам даярлықтан өтті. Облыста «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы бойынша биыл жалпы сомасы 3,112 млн. теңгенің жұмысы атқарылады.

* Ішкі істер қызметкер­лері апта ішінде 22,5 кило героин тәркіледі. Олардың арасында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыс­тарында қолға түскен «өнімнің» салмағы ауыр.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар