• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Шілде, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №601

314 рет
көрсетілді

«Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы №319 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі №372 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

«Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы №319 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі №372 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) «Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы №319 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., №58, 561-құжат):

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтіні;

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидалары бекітілсін.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтіні осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру тәртібі осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 372 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 200-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат):

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтіні;

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидалары бекітілсін.»;

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының Пре­мьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкі­­метінің өзге де мүшелері, Қазақстан Рес­публикасы Конституциялық Кеңесінің Төр­ағасы мен мүшелері антының мәті­ні және ант беру тәртібі «Қазақстан Респуб­ли­­касының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы және «Қазақстан Респуб­ликасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақ­стан Республикасының Конституциялық заң­дарымен, сондай-ақ Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің тиісті актісімен белгіленеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл антының мәтіні және ант беру тәртібі «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен белгіленеді.»;

4, 4-1, 5, 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтар алып тасталсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтіні осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік сая­си қызметшілерінің ант беру тәртібі осы Жарлыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 24 шілде.

№601

Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 24 шілдедегі № 601 Жарлығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің анты

Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халқыма адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.

А.Ә.Т.    ________________________________      

                _______________

                    (қолы, күні)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 601 Жарлығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік қызметке тұңғыш рет кіре отырып, ант береді.

2. Мемлекеттік қызметті тоқтатқан адамдар мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан кіре отырып, антты қайтадан береді.

3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымға тағайындалған немесе сынақ мерзімінен табысты өткен күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мемлекеттік органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.

5. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса, «А» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік қызметшілері:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;

облыстардың, астананың және республика­лық маңызы бар қаланың әкiмдерiне – облыс­тар­дың, астананың және респуб ликалық маңызы бар қаланың әкiмдері аппараттарының басшылары; облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері ант береді.

6. Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары тиісті орталық атқарушы органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруа­шы­лық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің Іс басқарушысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері облыс, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихатының сессиясында ант береді.

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар­дың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері облыстар аудандарының әкімдеріне ант береді.

2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібі

7. Ант салтанатты жағдайда мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамның не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган (құрылымдық бөлімше) қызметкерлерінің қатысуымен қабылданады. Ант беру рәсіміне өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

8. Белгіленген уақытта мемлекеттік орган басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдар, тиісті мемлекеттік органның (құрылымдық бөлімшенің) қызметкерлері, шақырылған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба орнатылған үй-жайға жиналады.

9. Ант беру салтанаты мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамның не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдардың кіріспе сөз сөйлеуімен басталады. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді шақырып, оларға ант мәтіні бар бланкілерді тапсырады. Содан кейін әрбір ант беруші мемлекеттік әкімшілік қызметші жиналғандардың алдында ант мәтінін мемлекеттік тілде не орыс тілінде оқиды.

Ант берілген күні көрсетілген, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қолы қойылған ант мәтіні бар бланк оның жеке істері материалдарында сақталады.

Ант берілгеннен кейін мемлекеттік органның басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдар, сондай-ақ шақырылған лауазымды адамдар (соңғылар – қалауы бойынша) құттықтау сөз сөйлейді. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады, қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.

10. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік тізіміне ант бергені туралы тиісті жазба енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар