• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2013

Үміткерлерді ұсыну аяқталды

254 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне кандидаттарды тіркеу аяқталғаны туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

24 шілдеде Қазақстан Респуб­ликасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауыл­дық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Аудандық және қала­лық аумақтық сайлау комиссия­лары­ның ұсынған деректеріне сәйкес, республика бойынша ұсынылған 7173 үміткерден әкімдікке кандидаттар ретінде 7018 адам тіркелді.

Сайлау науқанына қатысқан кан­дидаттардың сапалық құрамын­­да түбегейлі өзгерістер бол­­ған жоқ.

Ұсыну аяқталғаннан кейін 46 кандидат жеке өтініштері бойынша өз кандидатураларын алып тастады.

Аумақтық сайлау комис­сия­ларының шешімі бойынша 55 кандидатты тіркеуден бас тартылды. Тіркеуден бас тар­тудың негізгі себебі аталған кан­дидаттардың 2013 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімдерді сайлау қа­ғидаларының талаптарына сәйкес келмейтіндігі болып табылды.

Тіркеуден кейін 51 кандидат­ шығып қалды. Олардың 15-і өз кандидатураларын жеке өтініш­те­рі бойынша алып тастады. 36 кандидат аумақтық сайлау комис­сияларының шешімі бойынша олардың кіріс және мүлік туралы ұсынған мәліметтерінің сәйкес еместігін салық органдарының анықтауына байланысты алынып тасталды.

Қазіргі уақытта барлық тір­келген кандидаттар сайлау­ алдындағы үгітке кірісуге құ­қылы.

Ол таңдаушылармен жиналыстар мен кездесулер өткізу, сондай-ақ баспа және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүзеге асырылады.

Әрбір кандидат өзіне сайлау науқанын және сайлау алдындағы үгітті жүргізуге көмектесетін саны бесеуден аспайтын сенім білдірілген адамдары болуына құқылы.

Мәслихат депутаты, сайлау комиссиясының мүшесі немесе саяси мемлекеттік қызметші болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматы кан­дидаттың сенім білдірілген адамы бола алады.

Кандидаттың сенім білдірілген адамдары аудандық (қалалық) сайлау комиссиясында тіркелуі және тиісті құжаттары болуы қажет.

Кандидаттарға бюджеттен бөлінетін қаражаттан басқа, олар­дың әрқайсысы үгіт науқанын белгіленген тәртіппен құрылған өз сайлау қоры қаражатынан қар­жыландыруға құқылы.

Кандидаттың сайлау қорының мөлшері 1 399 500 теңгеден аспауы қажет.

Қағидаларға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт жергілікті уақыт бойынша сайлау қарсаңындағы күні нөл сағатта аяқталады.

«Егемен-ақпарат».