• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕ

618 рет
көрсетілді

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ 21-22 наурыз күндері Ұлыс­тың ұлы күніне орайластырылып Астана қаласында ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар өтті. 21 наурызда “Тұл­пар” ипподромында ат спорты түр­лерінен, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен елорданың бү­кіл спорт мектептері мен ұй­ым­дары қатысқан алғашқы ме­ре­келік шаралар да көрермендерге ұс­ынылды. Алайда басты спорт­тық бағдарлама 22 наурыз күні “Хан-Шатыр” алаңында, со­нымен қатар “Бәйтерек” мону­мен­тінің жанында өткен еді. Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт бас­қар­ма­сының ұйым­дастыруымен өткен 12 спорт түрлері бойынша ме­рекелік іс-шараларға 800-ден астам үміткер мен көрермендер қатысты. Кейбір ұлттық спорт түрлері Ас­тана қаласында өтетін бұ­қа­ра­лық спорттық бағдарламаға ал­ғаш рет енгізілгенімен, кө­рер­мендердің көңілінен шықты. Мәселен, бұзау көтеру. “Хан-Шатыр” алдындағы алаңында өткізілген бұл спорт түрі үлкен жанкүйерлер тобын жинады. Адамдар бұ­зауды көтере ал­маған қа­ты­су­шы­лар­ды де­меп, көтере ал­ға­н­дарға қошемет көр­се­тіп тұрды. Нә­ти­же­сінде қатысуға ниет білдірген 25 адамның ішінде бұзауды 10 рет көтерген Дархан Қабылдин сол бұ­зау­ға ие болды. Жаңадан қо­сылып отырған бұрыннан келе жат­қан спорт ойыны – арқан секіру де бұ­қа­раға ұнағаны сонша, қатысамын деу­ші­лер­дің саны бірден артып кетті. Балалардың сүйікті ойыны асық ату – ме­ре­келік іс-шаралардың ішіндегі жиі қосылып отыратын спорт түріне айналғаны да қуан­тарлық жәйт. “Бәйтерек” монументінің алдында ұйымдастырылған қазақ күресі мен қариялар күресінде де көрермендер саны бойынша асып түспесе, артта қалған жоқ. Наурыз мейрамына елордаға қонақ болып келгендер де қатысушылардың қа­тарынан көрінді. Олардың арасында Қарағанды, Шымкент,  Тараз, Семей, Қостанай, Арқалық қалаларының өкілдері де болды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. АСТАНА.