• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

ЖАҢА ГАЗЕТ ЖАРЫҚ КӨРДІ

782 рет
көрсетілді

Наурыз мейрамы күндері елі­міз­дің ақпарат кеңістігі тағы бір ба­сылыммен толықты. Газеттің бас редакторы, елімізге белгілі спорт журналисі Қыдырбек Рысбектің ай­туынша, “Қазақ спорты” ата­латын басылым аптасына бір рет, сейсенбі күні шығатын болады. Газеттің тырнақалды нөмірі қы­зықты да тартымды дүниелермен және оларға сай берілген әдемі суреттермен шыққанын атап өт­ке­німіз жөн. Басылымның алғашқы нөмірінде “Таразы”, “Топжарған”, “Сараптама”, “Жылнама”, “Сөз өнері дертпен тең” және спорттың әр түріне байланысты берілген ай­дар­лармен жарияланған мақалалар бар. Мұнда Туризм және спорт ми­нистрі Темірхан Досмұхамбетовтің “Ақ олимпиада артта қалды, алда – Азия ойындары” атты ма­те­риа­лы, дзюдо күресінен Қазақстан спорты тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Максим Раковпен жүргізілген сұхбат, белгілі журналистер Дүрәлі Дүйсебайдың “Сөз білмейтін комментатор көп”, Ғалым Қожабектің “Қазақ боксы: Тоқырау ма, әлде толқын ауысу ма?”, Төлеубек Қадырмолла мен Сәбит Тастанбекұлының жарыс­тар­дан берген репортаждары шыққан. Ал газеттің соңғы бетінде “Мен – қазақпын!” айдарымен берілген ре­дак­тордың спорттық гимнастикадан Канада ұлттық құрамасының бас бапкері, қазір осы елдің астанасы Оттава қаласында тұратын қан­дасымыз Едіге Жаровтан алған сұхбаты оқырман қауымның іздеп жүріп оқитын дүниесі десек артық айтқандық емес. “Астана Полиграфия” бас­па­сынан оқырманға жол тартқан газет 10 мың таралыммен шығып отыр. Дастан КЕНЖАЛИН.