• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Желтоқсан, 2019

Тунисте Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына дайындық жайы талқыланды

206 рет
көрсетілді

Тунисте ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі (ISESCO) бас директоры доктор Салим бен Мухаммед аль-Маликпен кездесу өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан ISESCO-мен ынтымақтастыққа үлкен мән береді. Көптеген жылдар бойы біздің еліміз осы беделді ұйыммен жемісті, серпінді қарым-қатынастарды қолдап, мәдени мұра ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру, Ислам әлемі елдерінің тілдерін, тарихы мен мәдениетін зерделеу және оқыту саласында тәжірибе алмасу сияқты ұлттық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

Алдағы 2020 жылы шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы болатыны аталып өтілді. Оның мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі қазақстандық жоспар ұлы философтың мұрасын зерделеуге бағытталған 50-ден астам іс-шараны қамтиды.

Тараптар ISESCO қамқорлығымен Ирактағы әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуге келісті. Бұл форумға мұсылман елдерінің фарабисттері шақырылады.

Сондай-ақ ISESCO мүше елдерде әл-Фараби мұрасын зерттеу бойынша халықаралық орталықтар желісін құру мәселесі қарастырылды.

Қазіргі уақытта Отырар, Амман, Каир, Ыстамбұл және Дамаск қалаларында әл-Фараби атындағы Ғылыми-білім беру орталықтары мен мұражай-үйлері бар.