• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әдебиет 19 Желтоқсан, 2019

Абайдың 175 жылдығына арналады

297 рет
көрсетілді

Чехияның «Клементинум» Ұлт­тық кітапханасында Қазақ­станның Ұлттық академиялық кітап­ха­насы мен Чехия ұлттық кітап­ханасының арасында ынты­мақтастық туралы меморандумға қайта қол қою рәсімі болды.

Чехияның «Клементинум» Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Чехия­дағы елшілігінің және Қазақ­стан­ның Ұлттық академиялық кітапха­­насының бастамасымен екі кітапхана басшылығының кездесуі ұйымдас­тырылып, оған елшілік қызметкерлері де қатысты.

Кездесу аясында екі ел кітапхана­ларының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қайта қол қойылды. Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар алдағы 2020 жылы Чехияның Ұлттық кітапханасында ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мәдени-ақпараттық орталық ашу туралы уағдаласты. Аталған әдеби орталыққа қазақ ақынының еңбектері, ұлы данышпан өмірінің түрлі кезеңдерін бейнелейтін картиналар қойылып, сайт құрылады және осы орталықтың қызметі туралы кең көлемді ақпарат қамтылған бюллетень орналастырылады. 

Бұл чех жұртшылығына қазақтың мәде­ниеті мен әдебиетін кеңінен танып-білуге мүмкіндік беріп қана қоймай, жазушылардың, мәдениет, білім жә­не ғылым салаларындағы қоғам қайрат­керлерінің шығармашылық кездесулері үшін арнайы алаңқай болмақ.