• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2013

Алғашқы күнде алтын жүлде

250 рет
көрсетілді

Моңғолияда өтіп жатқан кадеттер арасында грек-рим күресінен Азия чемпиона­тының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар бес медальға ие болды.

Онда алғашқы күні 50 кило­ға дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Айдос Сұлтанғали мен 69 килоға дейінгі салмақта күрескен Темірлан Шадуқаев чемпион атанды. Алғашқысы финалда өз­бекстандық Ка­мариндин Зау­­рин­диновті тізе бүктіріп, Ша­дуқаев барлық үш кездесуде де қар­сы­ла­сына ұпай ұстатқан жоқ. Ол бірінші белдесуде Минг-Лианг Ванг­ты (Тайпей), одан кейін Манд­­­жит Далал (Үндістан) мен Кей­­ван Ризаи Далиниді (Иран) ұтты.

Чемпионатта Зелимхан Усма­нов (42 килоға дейін) пен Елнұр Мұхамеджан (54 килоға дейін) күміс жүлдегерлер атанды. Азамат Бисенғалиев (46 килоға дейін) қола жүлдеге ие болды.