Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтты.
«Осы уақыт ішінде Ұлттық кеңесте айтарлықтай жұмыс атқарылды, оның нақты нәтижелері де бар. Мемлекеттік аппаратқа, Президент әкімшілігіне Ұлттық кеңес жұмысына барынша қолдау көрсетуді тапсырдым. Биліктің халықпен диалог орнатуға, реформа жасауға мүдделі екеніне ешкімнің күмәні жоқ деп ойлаймын. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі демократияны нығайтуға, қоғамның билікке деген сенімін арттыруға үлкен серпін береді деп санаймын. Біздің жұмысымызға халықаралық ұйымдар жоғары баға беріп отыр»,- деді Мемлекет басшысы, Ұлттық кеңес төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.