• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Президент 20 Желтоқсан, 2019

Президент: Партияларға және сайлауларға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгерту керек

141 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық кеңес отырысының екінші отырысында партияларға және сайлауларға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгерту керек екенін айтты.

«Қазіргі кезде саяси партияны тіркеу үшін оның кем дегенде 40 мың мүшесі болуы қажет. Бұл норма ұзақ уақыттан бері сақталып келеді. Енді жаңа саяси жағдайда, бір жағынан азаматтардың талап-тілектеріне, екінші жағынан ықтимал тәуекелдерге лайықты үн қатуымыз керек. Біздің қоғам партия құрылысының жаңа сапалық кезеңіне өтетіндей дәрежеге жетті», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы тіркеу үшін партия мүшелері санының төменгі шегін екі есеге азайтуды ұсынды.  

«Бұл айтарлықтай маңызды өзгеріс. Бұл азаматтық белсенділікті арттыруға қосымша мүмкіндік береді. Жалпы, біз партияларға және сайлауларға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгертуіміз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.