• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында ұйымдасқан ұрылар ұсталды

764 рет
көрсетілді

Алматы облысының Жамбыл ауданы аумағында тұрғын үйлерді тонап, оңай олжаға молынан кенеліп жүрген қылмыскер тобы қолға түсті. Полицияның арнайы операциясы кезінде ұсталған ұрылар 2 айда 16 үйді тонаған.

-Ұйымдасқан ұрылардың тобында 4 адам болған. Олар Жамбыл ауданының Қарғалы, Ұзынағаш, Қайназар ауылдарында үй тонаумен айналысқан. Негізінен ауқатты үйлерді торуылдап, ақша, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық техниканы үптеп кетіп отырған. Қазір ұсталғандардың 16 ұрлық оқиғасына қатысы бары анықталды. Ұрылар қамауға алынды, дейді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

Сондай-ақ Талғар ауданының полицейлері 2 жыл бойы ұстатпай жүрген ұрыны құрықтады. 45 жастағы «әккі ұры» Талғар, Іле ауданы аумағында үй тонаумен айналысып келген екен. Қылмыскерді ұстауға тәртіп сақшыларына «Жаңа Қуат» коттеджді қалашығының тұрғындары жәрдемдескен. Күдіктінің ұрлық, тонауға қатысты 28 оқиғаға қатысы бары дәлелденіпті.