• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2019

Ресейде жол апатынан үш қазақстандық зардап шекті

207 рет
көрсетілді

Ресейдің Волгоград облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның үш азаматы зардап шекті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«РФ ІІМ Волгоград облыстық басқармасының дерегі бойынша 21 желтоқсан күні Краснодардан Қазақстанға бағыт алған автобус «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. Автобуста 56 жолаушы болған, оның төртеуі Қазақстанның, екеуі Тәжікстанның және қалғандары Өзбекстанның азаматы. Автобус Қазақстанда тіркелген, сондай-ақ жолаушылар көлігінің жүргізушісі де Қазақстан азаматы», деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, жол көлік оқиғасы салдарынан Қазақстан азаматы болып саналатын бір жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақатын алып, Волгоградтың №25 ауруханасына жеткізілген.

«Азаматтарымыздың жарақаты ауыр емес, ота жасаудың қажеті болмаған. Қазақстанның Астрахандағы консулдығы аурухана әкімшілігі және полициямен байланыста», деді ол.