• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 23 Желтоқсан, 2019

Достастық елдері басшыларының кездесуіне қатысты

148 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлады Тұңғыш Прези­дент – Елбасының баспасөз қызметі.

Бейресми кездесу барысында Достастық елдерінің көшбасшылары жылды қоры­тындылап, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық­ты нығайту және одан әрі дамы­ту мәселелері жөнінде пікір ал­масты.

Жиын барысында Ресей Президенті Владимир Путин делегация басшыларына «1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыс­тың басталуы» атты көр­меде ұсы­нылған тарихи қ­ұ­жат­тардың мазмұнына тоқталды.

Басқосудан соң ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысушылар аталған тарихи және деректі көр­мені бірге аралады.