• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Желтоқсан, 2019

Елордадағы Ботаникалық бақ қысқы ертегіге айналды

329 рет
көрсетілді

Елордада отбасылық демалыс үшін мұзды қалашық, ашық аспан астындағы ерекше галерея пайда болды. Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бақ балалар үшін қысқы ертегіге айналды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ботаникалық бақ қаламыздың ерекше орындарының бірі. Біз бақты безендірген кезде бұл жерде адамдар отбасымен уақыт өткізгісі келетіндей етіп жасауға тырыстық. Ботаникалық бақты ерекше, қызықты безендіруге тырыстық» дейді креативті директор Кристина Бекмурзаева.

Бірінші аймақта суретке түсу үшін көптеген жерлер бар. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы галерея, шағын сәулет нысандары да бар. Жаңа жылдық шыршаның артында суретшілер салған суреттер бар. Мерекелік атмосфера сезіліп, мүлдем басқаша қабылданады.

Екінші аймақта аққалалар орналасқан. Қазір аққала саны 300-ге жетеді. Қала тұрғындары аққала санын арттыруға көмектесе алады. Қала тұрғындары атсалысып, ботаникалық бақты безендіруге өз үлестерін қосуға мүмкіндік алған.

Үшінші аймақ - ең басты аймақ. Бұл жерде жаңа жылдық шырша орналасқан. Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылы сфералар орнатылған. Балаларға арнайы кішкентай хоккей алаңы да бар.