• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Желтоқсан, 2019

16 мыңнан астам мүгедектігі бар адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты

146 рет
көрсетілді

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың құрамына мүгедектігі бар 16,5 мың адам кірді, бұл қатысушылардың жалпы санының 2,6%-ын құрайды (622,7 мың адам), оның ішінде 14,4 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 7,7 мың адам тұрғызылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіптік дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқамерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 1942 мүгедек білім алуда, оның ішінде 1 213 оқуды аяқтап, 603 адам жұмысқа орналастырылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуды, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1 847 адам қамтылды. Өз бизнес жобаларын 450 мүгедектігі бар адам қорғап шығып, оның ішінде 145 адам микрокредиттер мен гранттар алды.

Сонымен қатар, 554 мүгедектігі бар адам микрокредит алып, 659 адам грантқа ие болды.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында бос жұмыс орындарына 7 665 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 048, қоғамдық жұмыстарға 5 069 адам, жастар практикасына 551 адам жіберілді.

Осыған қоса, мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарын квоталаудың нәтижесінде 3000 адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін 24 арнайы жұмыс орны құрылды.