Тек биылдың өзінде осындай 159 оқиға тіркелген. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ-ның мамандары журналистермен өткен брифинингте мәлімдеді.
БАҚ өкілдерін баспанасына электр энергиясын өздігінен қосып алған Қызылжар ауданының тұрғыны Валерий Меркушинмен арадағы тартыс ерекше қызықтырды. Заңсыздықты анықтаған компания қызметкерлері оған 650 мыңге теңге көлемінде айыппұл салған. Тұтынушы бұл шешіммен келіспей сотқа жүгінгенімен жеңіліс тапқан. Осындай келеңсіз жағдайлар басқа тұрғындар тарапынан кездескен.
«Көбіне есептеу құрылғысына жалғанған кабель зақымданып жатады. Бұған қоса есептегіш құрылғыға қосымша сым жалғап, оны үй мен орамға тартып алады. Алдағы уақытта да техникалық талаптарды өрескел бұзып, есепсіз электр энергиясын заңсыз пайдаланушылар қатаң жазаланатын болады», дейді «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ бас директорының орынбасары Евгений Политкин.
Солтүстік Қазақстан облысы