• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

“NOKІA”-НЫҢ СМАРТФОНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

521 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы “Дарын” мек­теп-интернатының оқушысы Бауыржан Әубә­кір­дің ғылыми ізденісінің нәти­жесінде еліміздегі “Nokіa” компаниясы ұялы телефондарының смартфоны қазақ тілінде “сөйлейтін” болады. Бауыржан Әубәкір – жақында болып өткен оқушылар арасындағы республ­и­ка­лық ғылыми жарыстың жеңімпазы. Ғылыми жұмыстар бәсекесіне жіберілген 400-ден астам тақырыптың ішінен жам­был­дық жас­өс­пірімнің “Қазақ тілі мо­бильдік қон­дырғыда” деп аталатын жобасы өзінің ма­ңыздылығымен ерек­шеленді және ғалымдар мен білікті мамандар тарапынан өте жоғары баға алып, алтын медальмен марапатталды. Жаңа жобаға “Nokіa” компаниясы басшылығы да назар аударып, жас талапқа фирманың Е-72 ұялы телефонын сыйлады. Сонымен бірге компания өкілдері жобаны өндіріске енгізудің техникалық мәсе­лелерін де қарастырып отыр. – Өткен жылы “Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы желісіз технология” тақырыбы бо­йын­­ша жұмыс істеген болатынмын. Одан кейін осы жобаны қолға алдым. Өй­кені бү­гінде мемлекеттік тілдегі смарт­фон­дар жоқ. Үш айғы ізденіс өз нә­тижесін берді, – дейді “Да­рын” мектебінің оқу­шысы Бауыржан Әубәкір. Б.Әубәкір информатика пәнінің мұғалімі Лаура Қыздарбекова, физика-математика ғылымының кандидаты, ТарМПИ доценті Александр Тучинмен бірге көп жұмыс істепті. Өзінің болашағын ғы­лымнан іздегісі келетін жас Қазақ-Британ техникалық уни­вер­си­тетінің ақпараттық технология факультетіне түсуді армандайды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.