• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Желтоқсан, 2019

Көліктерге техникалық байқау өткізетін 69 орталық заң талаптарын бұзып келген

361 рет
көрсетілді

ИИДМ Көлік комитеті техникалық байқау орталықтарында Көлік құралдарын нақты тексермей техникалық байқау жүргізу бойынша өз қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ бұзылған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе «қарақшылық» бағдарламаларын пайдаланатын техникалық байқау орталықтарын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне мониторинг жүргізу барысында Көлік комитеті бірыңғай ақпараттық жүйе операторымен бірлесіп осындай 69 орталықты анықтады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған орталықтар үшін техникалық байқау нәтижелерінің деректерін бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу тоқтатылды. 

Бұдан басқа, міндетті техникалық байқау саласында жосықсыз жарнаманы анықтау бөлігінде жарнама сайттарына мониторинг жүргізіледі. Бұл жарнама берушілер Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы және т. б. басқа мемлекеттерде тіркелген отандық көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізбестен диагностикалық карталарды беру бойынша қызметтер көрсетеді.

Мұндай диагностикалық карталар Көлік құралдарын тексерудің өзі болмауына байланысты жарамды емес.

Техникалық байқау орталықтарынан тыс диагностикалық карталарды алу не белгісіз адамдардан сатып алу жол-көлік оқиғалары, адамдардың өлімі, жарақаттануы немесе азаматтардың материалдық құндылықтарына зиян келтіру сияқты салдарларға әкеп соғуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Көлік комитеті көлік иелерінен міндетті техникалық байқаудан өту үшін автокөлікті техникалық байқау орталықтарына беруді сұрайды. 

Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық байқау орталықтарының тізілімімен ҚР ИИДМ көлік комитетінің сайтында немесе "техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесі операторының сайтында  танысуға болады