• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Желтоқсан, 2019

Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем біріншілігі өтеді

144 рет
көрсетілді

26 желтоқсанда Чехияда шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Острава мен Тршинец қалаларында өтетін бұл бәсекелер 5 қаңтарға дейін созылады.

«А» тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы тұсаукесер кездесуін Швейцарияға қарсы өткізеді. 27 желтоқсанда Словакиямен сайысқа түссек, одан кейінгі күндері Финляндия мен Швеция хоккейшілерімен шеберлік байқасамыз.

Ал «В» тобындағы бәсекелер АҚШ, Ресей, Канада, Чехия және Германия командалары арасында өтеді. Ширек финалға жолдама алған құрамалар жарысты жаңа жылдан кейін жалғастырса, жүлдегерлер мен жеңімпаздар 5 қаңтарда анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, жастар арасындағы соңғы әлем біріншілігі дәл осы мезгілде Канаданың Ванкувер және Виктория қалаларында өткен еді. Сол жарыста бас жүлде Финлияндияға бұйырса, АҚШ күміс және Ресей қола медальді иеленді. Ал топтық турнирдің барлық ойынында жеңілген жерлестеріміз жұбаныш кездесулерде Данияны екі мәрте ұтып, тоғызыншы орынға табан тіреді.