• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Желтоқсан, 2019

Таразда балаларға арналған Президент шыршасы өтті

456 рет
көрсетілді

Бүгін Тараз қаласындағы «Арай Плаза» бизнес орталығында балаларға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа жылдық шыршасы өтті. Мемлекет басшысының мерекелік шыршасына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қатысты.

Айтулы мерекелік думанға Жамбыл өңірінде тұратын 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырту алыпты. Олардың ішіндегі 63 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған болса, 68-і көпбалалы, ал 61 бүлдіршін аз қамтылған отбасыларынан шыққан.

Президент шыршасына қатысқан Асқар Мырзахметов балаларға өзінің игі тілегін жеткізіп, оларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ал, мерекелік шараға қатысушы балалар өздерінің өнерлерін ортаға салып, көпшілік көзайымына айналды. Арнайы дайындалған концерттік бағдарлама барысында Аяз ата мен Ақшақар және түрлі жаңа жылдық кейіпкерлер балаларға қызықты ойындар ойнатып, қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Шара соңында қатысушы балаларға сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды.