• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 26 Желтоқсан, 2019

Ресей елшісін қабылдады

156 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақ­стан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары тал­қыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың да­му қарқынына оң баға беріп, ық­­пал­дастықтың барлық бағы­ты бойынша, атап айт­қан­да, сауда-экономика, ин­вес­тиция, өнеркәсіп және мәдени- гуманитарлық салаларда ілгерілеу байқа­латынын атап өтті.

Алексей Бородавкин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағда­лас­тықтардың орындалу барысы, сондай-ақ елшіліктің екі мем­лекет арасындағы ынтымақ­тас­тықты нығайту бағытында атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.