• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Желтоқсан, 2019

Футзал: УЕФА рейтингі жарияланды

163 рет
көрсетілді

Футзалдан 2019 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық құрамалар арасында УЕФА-ның жаңартылған рейтингі жарияланды.

Үздіктер тізімінде Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады. Жылдың соңына дейін жерлестеріміз 2074 ұпай жиған екен.

Ал көшбасшылар жайында айтар болсақ, Испания бірінші орынды иеленуде. Пиреней түбегінің түлектері  2012 ұпай олжалады.

Екінші орында – Ресей. Олардың еншісінде 2099 ұпай бар.

Үшінші орынға Португалия жайғасты. Португалиялықтар 2088 ұпайды иемденіп отыр.