• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда мас күйінде көлік жүргізетіндер саны артқан

345 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Қоғамдық коммуникация орталығында» өткен брифингте Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов мәлімдеді.

Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Мадияр Омаровтың мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында жол көлік оқиғаларының 17,7%-ға төмендеуі байқалуда (2018 жылдың 12 айында – 320, 2019 жылдың 11 айында – 273), сондай-ақ, дене жарақатын алған адамдардың саны 3,5% (404-тен 390-ға) және қаза болғандардың саны 13,3% (83-тен 72-ке) азайған.

Осы жылы жылдамдық режимін бұзу және қарсы қозғалыс жолағына шығуға қатысты 40 факті, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермеуге қатысты 174 факті, мас күйінде көлік құралын басқаруға қатысты 15 факті, үй жануарларына қақтығысуымен болған 25 факті тіркелген.

-Жол қозғалысы қауіпсіздігіне бірқатар факторлар әсер етеді, оның ішінде автопарктің өсуі, жолдардың жағдайы, елді мекендер жолдарының жарық шамдарымен толық қамтамасыз етілмеуі, көліктегі құқық бұзушылықтарды алдын алудың әлсіздігі. Осы және өзге де мәселелерді шешу мақсатында жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру және қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді, деді Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов.

Еске сала кетейік, қараша айындағы Мәжіліс отырысында Бас прокуратураның ІІМ-мен бірлесе заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Құжатқа сәйкес, мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.