• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Желтоқсан, 2019

Түркия қазақстандықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты

280 рет
көрсетілді

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты. Бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың апатқа ұшырағанын және ұшақ бортындағы адамдардың жарақат алып, қаза тапқанын естіп, қатты қайғырдық. Дос және бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, апатта қаза болғандарға Алладан рақым тілейміз. Олардың жақындарына көңіл айта отырып, сабыр тілейміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз» делінген Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар