• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2013

Құтыдағы сулар қауіпті болып шықты

450 рет
көрсетілді

Ғалымдар «бөтелкедегі судың пайдасынан зияны көп» деген қорытындыға келді. Химиялық сараптама барысында мұндай сулардың құрамындағы залалсыздандырушы заттар, фармацевтикалық препараттар және басқа да химикаттар үлесі жоғары екендігі анықталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жоғарыда аталған заттардың барлығы адам денсаулығына айтарлықтай залал келтіруі мүмкін. Онымен салыстырғанда құбырдағы су әлдеқайда таза екен. «Адам денсаулығына пайдалы», «таза су» деп жарнамалап жатқан пластикалық құтыдағы суларға қатысты бұдан бұрын да әртүрлі пікірлер айтылған еді. Зерттеулер қорытындысына жүгінсек, құтыға құйылған судағы ең қауіпті дүние – пластикті жасауда қолданылатын бисфенол-А. Бұл зат бөтелке жылы жерде біраз тұрған кезде бөлінетін көрінеді. АҚШ ғалымдары тексеру жүргізген қатысушылардың 95 пайызының зәрінен бисфенол-А анықталыпты. Ал австралиялық таксология профессоры Крис Уиндердің мәлімдеуінше, жануарларға тәжірибе жүргізген кезде бисфенол-А-ның түрлі ауруларға себепші болатыны дәлелденген. Сол сырқаттың қатарында қалқанша безінің, орталық жүйке жүйесі қызметтерінің бұзылуы секілді қауіптілері де кездеседі. Ғалымдар жануарларға зерттеулер жүргізе отырып, осындай тұжырым жасап отыр.

Бірқатар мамандардың пікіріне жүгінсек, пластикалық құтылардың өндірілуі қоршаған ортаға орны толмас залал келтіреді. Сондықтан оны су сақтау үшін қайта-қайта қолдануға болмайтынын ескертеді.

Әмірхан Алмағанбетов,

«Егемен Қазақстан».