Апатқа ұшыраған «Fokker-100» жолаушылар ұшағында қаза болған талдықорғандық Бауыржан Қалиевті ақтық сапарға шығарып салды.
Бүгін Талдықорған қаласында марқұмның жаназасы шығарылды. Қара жамылған отбасына облыс әкімі Амандық Баталов бастаған әкімшлік өкілдері көңіл айтып, жақындарының қайғысын бөлісті. Қырық жастағы Бауыржан Қалиев Талдықорған қаласында туып, өскен. Алматы қаласында қызмет істеген. Марқұмның артында 3 баласы қалды.
Еске сала кетсек, 27 желтоқсан күні Алматы облысының Талғар ауданы, Гүлдала ауылының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. «Бек эйр» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 93 жолаушы жән 5 экипаж мүшесі болған.
Апат салдарынан 12 адам қаза болып, 47 адам ауыр жағдайда аурухана жеткізілді. Қайғылы оқиға орай Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 28 желтоқсан ұлттық Аза тұту күні болып жарияланды.