• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2019

«Тәуелсіздік - тұғырым» челленджін бастаған кім?

410 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Болат Бақауов өңірдің  зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Биыл облыста Жаңаауыл, Кенжекөл ауылдарында  мәдениет ошақтары ашылды.

Май ауданы Қалмаққырған тауында археологиялық, этнографиялық зерттеу жұмыстары басталды.

Келесі жылы Қалмаққырған, Берел, Әулиекөл жерлерінде археологиялық қазба жұмыстары жалғастырылмақ. 

Сондай-ақ облыс әкімі  Потанин атындағы үздік облыстық музейге, ал «Облыстық халық шығармашылығы орталықтарының үздік қызметкері» номинациясында Бұзаубаева Алмагүлге, «Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері» номинациясын  Ләззат Қуантаеваға Алғыс хаттар табыстады. 

Ал, 2020 жылы Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ-музыкалық драма-театры күрделі жөндеуден өтпек.

-Сондай-ақ Абайдың 175, Әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді, деді облыс әкімі Б. Бақауов. 

Кездесу соңында өңірдің мәдениеті мен рухани тынысына үлес қосып жүрген жандарға Алғыс хаттар мен  200 мың теңге көлемінде сыйақы табыстады.

Олардың қатарында Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма-театрының актерлары, археологтар және еліміздегі «Тәуелсіздік-тұғырым» челленджін бастаған «Жебе» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Данияр Жұмаділ бар.