• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Желтоқсан, 2019

Үздік бестіктің қатарына кірді

205 рет
көрсетілді

Футзалдан Қазақстан құрамасы мау­сымды УЕФА рейтингінде 4-орынмен аяқтады. Жыл қорытындысы бойын­ша ұлттық құрамалар арасында УЕФА-ның жаңартылған рейтингі жарияланды.

Жаңартылған рейтинг бойынша, Қазақстан құрамасы 2074 ұпай жинап, 4-орынға тұрақтады. УЕФА рейтингінде үздіктер көшін Испания құрамасы бастап тұр. Олардың еншісінде – 2112 ұпай бар. Ал 2099 ұпай жинаған Ресей екінші орыннан көрінсе, үздік үштікті 2088 ұпаймен Португалия құрамасы қорытындылады.

Ал 2020 жылы өтетін әлем чем­пио­натының элиталы кезеңіндегі қарсы­лас­тарымыздың рейтингтегі орындары мынадай: Словения – 9-орын (1926 ұпай), Чехия – 11 (1802), Румыния – 13 (1756).