• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Президент 31 Желтоқсан, 2019

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

171 рет
көрсетілді

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы саяси, эконо­микалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын оң баға­лап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар Беларусьтің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ ұйы­мына төрағалық етуіне байланысты еуразиялық интеграция аясындағы өзара іс-қимылдарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. 

Президенттер бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Алек­сандр Лукашенкоға жауапты мемле­кеттік қызметте табыс, достас белорус халқына бақ-береке тіледі.