• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Желтоқсан, 2019

ШҚО-да жолдар жабылды

295 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстанда автомобиль жолдарында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазавтожол» хабарлады.

«Қазавтожол» таратқан хабарламаға сәйкес, ауа райының нашарлап кетуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы «Алматы-Өскемен» жолының 778-967 км жолында, Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы аймағында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Қалбатау ауылы-Қасым Қайсенов ауылының бұрылысы аймағында, «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1068 километрінде барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтатылды.

Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты (боран, көріну нашарлау) «Үшарал-Достық» тасжолының 83-184 км, Көктұма ауылы-Достық ауылы маңында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне шектеу қойылды.