• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Желтоқсан, 2019

Денсаулық сақтау министрлігі қайырымдылық акциясына қатысты

176 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы еріктілер жылы деп жариялаған жаңа 2020 жыл қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, Нұр-Сұлтан қаласында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге 200 мыңнан астам теңгеге  азық-түлік пен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Айта кету керек, қайырымдылық акциясы бір аптаға созылды.

Бұл іс-шара балаларды қорғау күні, білім күні және жаңа жыл мерекесі қарсаңында жүйелі түрде өткізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі мен  ведомствоға қарасты ұйымдар қайырымдылық шараларын әріқарай жалғастыра береді» делінген хабарламада.