• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Желтоқсан, 2019

Елордалықтар Жаңа жыл түнінде мерекелік отшашуды тамашалай алады

285 рет
көрсетілді

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қала тұрғындары мен қонақтары жаңажылдық отшашуды тамашалай алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фейерверкті Есіл өзенінің жағалауынан, Ботаникалық бақ аумағынан, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан көруге болады.

Салют жергілікті уақыт бойынша 00:00 басталып, 6 минутқа созылады.

Фейерверк биіктігі-210 метр, ені-250 метр. Әр нүктеден 3500-нан 4000-ға дейін салют ату жоспарланған.

Салют өткізуге бюджеттен қаражат бөлінбеген және ол толығымен демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.