• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2013

Көрмеге дайындық ойдағыдай

302 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Халық­аралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Астанада ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан мен ХКБ-нің өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

С.Ахметов атап өткендей, ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындық Мемлекет басшысының айрықша бақылауында тұр.

Мемлекеттік комиссия ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыру мен өткізудің ұлттық жос­парын бекітті, оның жүзеге асуы қатаң бақылауда, деді С.Ахметов.

Үкімет басшысы Қазақстанның ЭКСПО-2017-ні ең жоғары дең­гей­де өткізуге барлық күш-жі­ге­рін салатынына, онда баламалы және жаңғырмалы энергетика са­ласындағы ең үздік «ноу-хау», «сер­пінді» және перспективалы жо­балардың ұсынылатынына сендірді.

Қазір біз Тіркеу мәліметтерін оқып-зерттеу және тиісті түзетулер енгізу жөніндегі жұмыстарға тікелей кірістік. «Мазмұны бойынша жоспар» мейлінше жақсы әзірленген, ойластырылған әрі сындарлы. Онда Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында қамтылған ой-пайымдары жақсы көрініс тапқан, деді В.Лоссерталес.

ХКБ басшысы В.Лоссерталес Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Оның барысында ол Тіркеу мәліметтерін дайындау және Астанада ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыру мәселелерімен танысатын болады.