• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда мемқызметкерлер жаңа жылды қариялармен қарсы алды

400 рет
көрсетілді

Ақтауда №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұжымының, өлкемізге белгілі өнерпаздардың қатысуымен қариялар мен ақ жаулықты аналарға Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл күй сыйлаған әдемі кеш ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Нұргүл Жанназарова өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан аға буын қарияларға деген ыстық ілтипатын білдіруді өздерінің қасиетті парызы санайтындығын және осындай кездесу іс-шаралары арқылы жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерін дарытуды міндет деп есептейтіндігін жеткізіп, ұжым атынан үстел ойындары мен түрлі кітаптар, жеміс-жидектерді тарту етті.

Көңілді кешті жүргізген өңірімізге белгілі асаба әрі шоу-мен Рустем Таңатаров пен отбасылық «Арна» ансамблі және «Падишах» би тобы өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Балаша қуанған қариялар ойын ойнап, кеңестік дәуір фильмдерінен попурри, әуезді ән мен ырғақты биді тамашалап,ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, игі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, облыстық қарттар үйіне Департамент ұжымы 2017 жылдың 1 қазанынан бастап, мерекелік атаулы күндерде құттықтап, түрлі концерттер мен театрлық көріністерге шақырып тұрады.

 

Маңғыстау облысы