• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қаңтар, 2020

Ақтауда теңізден құтқарылған азаматты дәрігерлер аман алып қалды

335 рет
көрсетілді

2020 жылы 1 қаңтар күні Маңғыстау облысының шұғыл және жедел медициналық жәрдем станциясына (103 қызметі) шақырту түскен. Белгілі болғандай, спирттік ішімдік ішкен 30 жастағы қала тұрғыны Каспий теңізіне секірген. Нәтижесінде өзін жәйсіз сезініп, суға батып кете жаздаған.Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Ақтау қаласы 4 ш/а «Тастақты соқпақ»(Скальная тропа) аумағында орын алған. «Жедел жәрдем» бригадасы оқиға орнына 4 минутта жеткен.

Алдын-ала «Аспирациялық синдром» диагнозы қойылған.

Бригада құрамында болған дәрігер Әйгерим Сали және фельдшер Самат Темірхановтың жедел әрекететуінің және кәсібилігінің арқасында теңізге батуға сәл қалған азамат аман қалды. «Жедел жәрдем» бригадасы келе салысымен алгоритм бойынша 10 минут ішінде жүрек-өкпе қызметіне реанимация жасады. Шұғыл әрі дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде оның беті бері қарады, содан соң олоблыстық ауруханаға жеткізілді. Ауруға инемен тамшылатып дәрі енгізілді, жалпы қан талдауы, биохимия, құрсақ қуысына УЗИ жасалынды. Хирург-терапевт және травмотолог қарап, қажеттідәрі-дәрмегін жазып берген. Әрі қарай ауруханада жатып ем алудан бас тартып, өз еркімен үйіне қайтып кеткен. Айта кету керек, не себепті жасжігіт суға секіргені әзірге белгісіз және бұл мәселенің мән-жайын ендігі жерде полиция органдары анықтамақ.

 

Маңғыстау облысы