• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Хоккей 02 Қаңтар, 2020

Чехияда хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты өтті

204 рет
көрсетілді

2019 жылдың 26-30 желтоқсаны аралығында Чехияда хоккейден жастар арасында (20 жасқа дейін) әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бәсекеге Қазақстан жастары мына құраммен қатысты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қақпашылар:Владислав Нурек, Максим Павленко, Роман Калмыков;

Қорғаушылар:Артём Королёв, Темірлан Гайтамиров, Мәди Диханбек, Данил Бутенко, Тимофей Катасонов, Давид Муратов, Владимир Шлычков;Шабуылшылар: Олег Бойко, Руслан Дёмин, Жүсіп Асуханов, Денис Чапоров, Андрей Буяльский, Владислав Сайко, Станислав Александров, Никита Ляпунов, Максим Чалов, Константин Бондаренко, Әлихан Өмірбеков, Аңсар Шайхмедденов, Максим Мусоров;Жаттықтырушылар: Сергей Старыгин - бас бапкер, А. Шаянов, А. Высоцкий, И. Габдрахманов - бас бапкердің көмекшісі, А. Колюжный - қақпашылар бапкері.«А» тобында Швейцария, Словакия, Финляндия, Швеция құрамасымен кім мықтыны анықтаған Қазақстан жастары барлық ойында ұтылып, соңғы орын алды.Алдымен қазіргі әлем чемпионы Финляндиядан (1:7), сосын Словакия (1:3), Швейцария (3:5) және Швециядан (2:6) жеңілді.Айта кетейік, плей-офф кезеңіне «А» және «Б» тобында 1-4 орын алған құрамалар жолдама алады. Ал соңғы орын алған құрамалар жұбаныш матчтар өткізіп, элиталық кезеңде қалу мүмкіндігіне таласады.Өткен жылы Финляндия хоккейшілері АҚШ-тан басым түсіп, әлем чемпионы атанған еді. Қазақстан құрамасы Данияны ұтып, элиталық кезеңде қалған болатын.Сергей Старыгин шәкірттері элиталық кезеңде қалу үшін Германия, Ресей немесе Чехия жастарының бірімен кездеседі. «Б» тобында 8 ұпаймен АҚШ көш бастаса, Чехия 4 ұпаймен екінші, ал Германия мен Ресей 3 ұпаймен төртінші және бесінші орында тұр.«А» тобынан Финляндия, Швеция, Швейцария және Словакия плей-офф кезеңіне шықты.Бұл жолы жұбаныш кездесуі бір құрама екі рет жеңіске жеткенше жалғасады. 2-сі мен 4 қаңтарда жеңімпаз анықталмаса, қосымша кездесу 5 қаңтарда өтеді.

Соңғы жаңалықтар