• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қаңтар, 2020

Нұр-Сұлтанда экологиялық электр автобустар қызмет көрсете бастады

420 рет
көрсетілді

Елорда көшелерінде 100 электрлі автобус жүретін болады. Ендігі арада маршрутқа 15 автобус қосылды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов электроавтобустардың техникалық жағдайымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жайлы әрі қатты дыбыс шығармайтын электрлі автобустардың артықшылығы атмосфераға зиянды қалдық шығармайды, сондай-ақ үнемді. Яғни дизельді қозғалтқышпен салыстырғанда автобус паркіне 80 % жанармайды үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Электрлі автобустар сонымен қатар қызмет көрсетуде де ерекшеленеді. Онда май ауыстыру, басқа да сұйықтық ауыстырудың қажеті болмайды. Пайдалануға берілгеннен кейінгі шығыны 80 пайызға дейін үнемделеді. Егер дизельдегілердің шығыны тәулігіне 22-25 мың теңгені құраса, электробустардың шығыны одан 4-5 есеге аз болады. Конструкцияны тәулігіне бір рет түнгі уақытта ғана қуаттау жеткілікті. Яғни автобусты күндізгі уақытта қуаттаудың қажеті жоқ, ол бір күнге толық жетеді» деді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов.

Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен және баласы бар жолаушыларға арналған орындармен қамтамасыз етілген. Сол сияқты оның тағы бір ерекшелігі – орындықтардың тұсында мобильді телефондарды қуаттауға арналған жалғағыштар орнатылған. ⠀

Электроавтобустар қазақстандық «СарыаркаАвтоПром» компаниясында құрастырылған. Жаңа автобустар автопаркті жаңартуға, аялдамалардағы күту уақытын, интервалды азайтуға мүмкіндік береді.