• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қаңтар, 2020

Елордада коммуналдық қызметтер паркі жаңа арнайы техникамен толықты

411 рет
көрсетілді

Елордада коммуналдық қызметтер паркі жаңа арнайы техникамен толықты. Жолдар мен тротуарларды қардан тазалау үшін 60-тан астам техника алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың ішінде самосвалдар, автогрейдерлер, құм шашқыштар, тракторлар және т.б. Көктем мен жаз мезгілдері пайдалануға болатын 50-ге жуық арнайы техника алу жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айында коммуналдық қызметтер паркі 70-ке жуық арнайы техникамен толықты. Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, ескі техниканың тозуы 30-дан 50% - ға дейін құраған. Парк техникасын жаңарту қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға және санитарлық тазалаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Арнайы техника қаражатты оңтайландыру мен «ҚДБ Лизинг» АҚ-мен бірлесе сатып алу есебінен алынды. Техниканың басым бөлігі - отандық өнім.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың қаңтарынан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы 10-нан 45%-ға дейін өсті. Сонымен қатар еңбекақы төлеудің ынталандырушы жүйесі енгізілді. Бұл да коммуналдық қызметкерлердің жалақысын арттыруға мүмкіндік берді.