• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қаңтар, 2020

Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды

113 рет
көрсетілді

Ақмола облысында республикалық мақсаттағы күре жолдардың бірқатар учаскеcі көліктің барлық түріне ашық. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Күннің ашылуына байланысты қаңтардың 3-і сағат 09:00-ден бастап республикалық мақсаттағы күре жолдардың «Нұр-Сұлтан - Петропавл» 18-231 шақырымы (Щучье - Нұр-Сұлтан), «Щучье - Зеренді» 0-80 шақырымы (Щучье - Зеренді),«Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» 42-51 шақырымы (Нұра ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскелерінде көліктің барлық түріне жол ашылды» дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бүгін түнде ақтүтек боранға байланысты Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында жол жабылған болатын.