• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2013

Мүйіз монша

411 рет
көрсетілді

Тамсандырған тау. Уылжыған уыз дүние. Сақи сыйға қағанағы қарқ адам­дар... Оралхан Бөкейдің тілімен айтқанда: «Алтайдың атқа мініп тұрған кезі». «Жақсыны көрмекке». Асық кө­ңілдің Алтай асқарын беташары болып жатқан жас келіндей тамашалауы тегін емес. Табанымыз тұңғыш тиген еді. Тамылжыған табиғат тартуына тәу ет­кен тумалары Орағаңның (О.Бөкей), Қал-ағаңның (Қ.Ысқақ), Әлағаңның (Ә.Ас­қаров), Дидағаңның (Д.Әшімхан), Асағаң­ның (А.Алтай) шығармаларын жастана оқыған, көркем әдебиет арқылы Алтаймен анда болған албырт шағымыз еске түсіп келеді. Миығымыздан күлеміз. Жарқ етіп жақпарлардан, шатқалдардан, шың басынан, қалың қарағайдан таныс та бейтаныс кейіпкерлер шыға келетін сияқты... Дүрия орманды дүр сілкінтіп, «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Қаршыға қыл арқанды құрығын безеп, шаңырақ мүйіз бұғыны қуып бара жатқан секілді. Әлде қарағайға қайыстыра байлап, арбиған аша мүйізді аралап жатыр ма екен?..

Өр Алтайдың өз әлемі бар

– Жетіп қалдық, – деді бізді Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарыннан ертіп шыққан Белқарағай ауылының әкімі. «Көрмегенге көсеу таң». Гүлсәрі орта иектеп келе жатқан ойымызды жиып алдық. Алтай алқымына енгеніміз әлгінде еді, ұзамай тоқтағанымызға нәумез болып қалдық.

Кешқұрым ауыл ағасы Дәурен Қалибеков бізді «Нұрбұлақ» шипажайына алып келді.

– Іздегеніңді осы арадан табасың, – деді.

Марал шаруашылықтары

Іздегеніміз – мүйіз моншасы еді. «Нұр­бұлақты» түу қиырдан бетке алатындар осы моншаға келеді. Күндіз ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Рақымғали Байғараевпен әңгімелескенбіз. Маралымен мәлім мекеннің мән-жайын түсініп қалған­даймыз.

Жуырда журналистер Ауыл шаруашылы­ғы министрінен: «Маралшыларға республи­ка­­лық бюджеттен қолдау бола ма?» деп сұ­­­­­раған. «Біз Қазақстанның халқын марал еті­­­мен тойғыза алмаймыз», деп жауап қат­қан болатын министр. Оның да бір жөні бар шығар...

Бүгінде Катонқарағай ауданында 6 мыңға жуық марал өсіріледі. Облыс бюджетінен марал шаруашылығына субсидия бөліне бастағанына төрт жыл болыпты. Жыл сайын катонқарағайлықтар маралға 29-32 млн. теңге аралығында субсидия алып келеді. Нәтижесінде, өңірде марал басының төмен құл­дырауы тоқтады. Кеңес өкіметі кезінде Ка­­тонда 20 мыңнан астам марал өсірілетін. Ма­рал басы кемуінің себебі бар: жануарды етке сойма