• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қаңтар, 2020

Ең үздік нәтиже – 39-орын

967 рет
көрсетілді

Бұл күндері Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында шаңғы жарысынан «Тур де Ски» бәсекесі өтіп жатыр.

Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық спортшылардан ең үздік нәтижеге Денис Волотка қол жеткізді. Ол мәре сызығын 52-ші болып кесті. Наиль Башмаков пен Вла­дислав Ковалев жарысты 56-57-орынмен аяқ­тады. Ал норвегиялық Йоханнес Клебо бас жүлдені иеленсе, ресейлік спортшылар Сергей Устюгов пен Александр Большунов екінші және үшінші орынды қанағат тұтты.

Қыздар бәсекесінде отандастарымыздан Анна Шевченко мәре сызығын 39-шы болып кессе, Валерия Тюленева 41, Ирина Быкова 45, Ксения Шалыгина 46-орынмен жарысты қорытындылады. Бұл сында да норвегиялық спортшы Астрид Якобсен топ жарды.