• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2020

Өскеменде жолаушылар автобусы өртенді

176 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, бүгін таңертең 08 сағат 40 минутта Буров көшесінің бойында қалалық №13 автобус жолда кетіп бара жатып өртенген.

«Кинг Лонг» маркалы автобус қозғалтқышының жылу жүйесінде қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Өрт 1,5 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, «аса қауіпті агрегатты абайсыз қолдану» нұсқасы тексерілуде. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ», делінген хабарламада.