• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2020

Жатақхана пайдалануға берілді

308 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, бұл бастама облыс орталықтарында және шалғай ауылдарда тиімді жүзеге асырылуда.

Өткен жылдың басында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов көп балалы аналармен кездесіп,  жамбылдық көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін 8 жатақхана салынатынын айтқан еді. Бұл бастама тек Тараз қаласында ғана емес, облыстың бірқатар аудандық маңызы бар қалаларында да жүзеге асқан болатын.

Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Талас ауданының орталығы Қара­тау қаласында 44 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді. Жаңадан бой көтерген бұл №3 жатақхана барлық талапқа сай жарақтандырылған. Тұрғындардың ыңғайына қарай барлық мүмкіндік қарастырылған. Пәтерге негізінен көп балалы және аз қамтылған отбасылар ие болды. Игілікті шараға Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов арнайы қатысып, жаңа қонысқа ие болған азаматтарға пәтер кілттерін тапсырды.

Өз сөзінде әкім бұл игіліктің бәрі де мемлекеттің қолдауының нәтижесінде болып отырғанын, алдағы уақыттарда да көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тиісті қолдаулар болатынын жет­кізді. Сонымен қатар пәтер сатып алу мақсатында бекітілген алго­ритмге сәйкес, бұл мақсатқа аудан­дық бюджеттен 74,2 миллион теңге қаралып, нәтижесінде 65,65 миллион теңгеге 17 пәтер сатып алын­ған. Мереке қарсаңында Бақыт Қазанбасов осындай бірқатар пәтер кілттерін де өз иелеріне тапсырды.

 

Жамбыл облысы