• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

КЕШЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛСЫН

635 рет
көрсетілді

Сенаттың Аграрлық мәсе­лелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінде “Қазақстан Респуб­ликасы мен Ресей Федерациясы  арасындағы “Байқоңыр” кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасы талқыланды. Келісімге 2004 жылғы 9 қаңтар­да Астана қаласында қол қойылды. Келісімнің мақсаты ғарыш ай­ла­ғын өзара пайдалы ынтымақ­тас­тықты дамыту, бірлескен ғарыш­тық жобаларды іске асыру, оның ішінде экологиялық қауіпсіздік дең­гейі жоғары “Бәйтерек” зымы­ран-ға­рыш кешенін құру болып табылады. Келісім аясында, сонымен қа­тар, “Байқоңыр” кешенін Ресей Феде­рациясының жалдау мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту көзделген. Заң жобасы палатаның қарауы­на жіберілетін болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.