• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қаңтар, 2020

Өрттен адамдарды құтқарған ефрейтор

451 рет
көрсетілді

«Шығыс»  өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі ефрейтор Қуандық Қанатов «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының 32-інші  жеңімпазы атанған еді. 2019 жылдың ақпан айында әскери қызметші Қуандық Қанатов 15 адамды өрттен құтқарды.

Семей қаласындағы бес қабатты үйдегі өрт түнде басталған. Бірінші қабаттан екінші қабатқа өрт лпалдап тез тарады. Өрт басталған бөлмеде жиһаз, терезе және есік ойықтары, тұрмыстық техника, ал дәлізде бірінші қабатта электр сымдары жанған. Ефрейтор Қуандық Қанатов тұрғындарды өз бетімен пәтерлерінен шығара бастады. Ол кезде тұрғын үйден 79 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. Тағы 162 адам өз пәтерлерін тастап кетті.  Өрт кезінде әскери қызметші көптеген жеке заттарын жоғалтып алады,бірақ сол кезде ол үшін ең маңыздысы ол өзінің әскери міндеті және азаматтық борышы деп санаған еді.

-Менің орнымда болған әрбір адам солай істейді. Өйткені біз осындай қиын жағдайларда бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Маған Қарулы Күштер қатарында қызмет етуімнің сәті түсті, өйткені біз үнемі жаттығуларда әр түрлі жағдайларды жасап келеміз, деді Қуандық Қанатов.

2019 жылы мамыр айында адамдарды өрттен құтқаруға қатысқаны және көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Қуандық Қанатов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы іске қосылған сәттен бастап 2019 жылы 5 000-нан астам адам жұртшылыққа таныстырылды. Олардың өмірі мен елдің дамуына қосқан үлесі туралы айтылды. Солардың бірі әрине, Қуандық Қанатов дейді «Шығыс»  өңірлік қолбасшылығының ұжымы.