• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2013

Қашан бастаймыз?

435 рет
көрсетілді

Техника деген күн санап дамып жатыр. Осыдан он-он бес жыл бұрын жалақымызды темір жәшік арқылы аламыз деп ойлаған ба едік?! Банкоматтың бір жақсы жері – көңілі бірде көл, бірде шөл кассир келіншек сияқты қабағын шытпай, айлығыңды алаламай, сөйлеместен береді, әйтеуір. Бірақ, кей кездері темір жәшіктің түймесін басып жатқан адамдарға көзімнің қиығымен қарайтыным бар. Біреудің қанша ақша алып жатқанына емес, қалай алып жатқанына көңіл аударамын. Алайда, сенесіз бе, осы уақытқа дейін бірде-бір мәрте банкоматтың арнайы түймесін басып, ақшасын қазақша мәтін арқылы алған адамды көрген емеспін. Бәрі ақшасын зу еткізіп «орысша» «суырып» алады. Бір-екі адамға айтып көріп едім, қазақша мәтінді басып көрді, бірақ, артынша шатасып қалды. Әрине, бұрын-соңды басып үйренбеген соң сөйтеді. Сөйтіп, қолдарын бір сілтеп, үйреншікті жолына түсті.

Елбасымыз «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенді қадап айтты. Бұдан артық енді қалай жеткізіп айту керек?! Меніңше, банкомат та бір қазақ сияқты. Оның да қазақша сөйлескісі келеді. Қазаққа қазақ тілінде қызмет көрсеткісі келеді. Бірақ, біз оған орысша сөйлейміз. Қайта тілден қиналып жүрген жандар алғашқы сабағын осы банкоматты «қазақша» басудан бастаса қайтер еді?! Қателестің деп ол ашуланбайды. Әрине, бұл ұсақ-түйек нәрсе сияқты, бірақ, мемлекеттік тілдің мерейін көтеру, құрметтеу, қадірлеу осындай кішкентай шаруадан басталады. Өз басым осыған ұқсас оқиғаларды көп көрдім. Солардың кейбіріне тоқтала кетсем.

Бірінші мысал. Қайбір жылы өзбек ағайындарды жалдап, ауылда қора соқтық. Өзбектің төрт жігіті ауылда екі ай жатты. Ферғана өңірінің тумалары екен, ауылдарында таза суға жарымаған көрінеді. Екі айда таудың таза суын ішіп, «бүйрегіміз ауырғанын қойды» деп айтып жүрді өздері. Біздің ауыл тауға жақын орналасқан, бұлақтарының бәрі сол жоғары жақтан бас­тау алады. Екі сайды қуалай орналасқан төрт ауылда басқа ұлттың өкілі жоқ. Бәрі өзіміздің қазақтар, бір атаның балалары, бір-біріне жақын ағайын жандар.

Аптасына бір-екі рет барып, соғылып жатқан қораның жағдайын көріп қоямыз. Сондағы таңғалғаным... Соншама қазақтың ортасында жүріп төрт өзбектің бір ауыз қазақша сөйлемеуі болды. Тіпті, қазақша сөйлейін-ау деген ой мүлдем қаперлерінде жоқ. Есесіне ауылдың бәрі өзбекше сөйлеп жүр. Ағам да, ағайындар да құрылысшы жігіттермен сөйлессе де немесе бірнәрсені сұраса да, түсіндірсе де өзбекше шүлдірлей жөнеледі. Тіпті, сексендегі әжеміздің өзбектерді шайға шақырғанда «шойға келинлер» дегенін естігенде не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің.

Екінші мысал. Қалада кей кездері бағыттық таксилерге (маршуртка) мінгенде, оның есігін ашып-жауып әрі ақша жинап орыстың немесе кәрістің жігіттері отырады. Өз басым оларға орысша сөйлемеймін. Бәрібір айтатыным екі-үш-ақ сөз. Бірде әлгі жігітке «повороттан тоқтатып жіберші» десем, орысшалап «түсінбедім» дегені. Қай­тадан айттым. Ол да жауабын қайта­лады. Кәріс жігіттің сөзімді ұғып тұрғанын, тек қырсығып, түк білмегенсіп отырғанын бір­ден түсіндім. «Ей, мен саған қазақшалап айтып тұрмын...» деп даусымды қаттырақ шы­ғара беріп ем, алдыңғы орындықтарда отырған бір қазақ апай әлгі кәрістің баласына «ол саған «повороттан тоқтатып жібер» деп айтып жатыр» деп орысшалай жөнелгені... Қайтсін енді, «тіл білмейтін» мені мүсіркегені ғой. Көлік бұрылыстан тоқтады. Мен түсіп қалдым. Бірақ тек қазақ апай ғана емес, «маршрутка» тола қазақ маған аянышты көзбен қарап тұрғанын бірден байқадым. Олардың әрқайсысының көкейінде: «Қайтсін, бұл байғұс, орысша білмегеніне қарағанда оралман болуы керек» деген сөздің тұрғаны анық еді.

Тағы бір мысал. Кештетіп алыс ауданның бірінен қайтып келе жатып үлкен бір үлкен дүкенге тоқтадық. Сатушы – орыс қызы екен, ар жағында қарауыл болуы керек, екі-үш қазақ жігіті карта ойнап жатыр. Сатушыға қазақша сәлемдестім. Ол да «Саламатсыз ба?» деді. «Тіскебасар бірнәрсе бар ма?» «Бар». Қыз бәрін қазақша айтып шықты. Тіпті, алған затымыздың қанша болғанын да қазақша айтты. Ақшасын төлеп жатсам, әлгі жігіттердің бірі: «Е, Таня, сен қазақша біледі екенсің ғой» деді. «Иә, білемін» деді қыз жымиып. «Онда неғып бізге қазақша сөйлемейсің?» «Не қыламын сендерге қазақша сөйлеп, өздерің үнемі орысша сөйлейсіңдер».

...Осыдан кейін қазақ тілінің кең қанат жаюына Үкімет, билік қаншама күш жұмсасын, қаншама бағдарлама енгізсін, әрбір қазақтың бойында ана тіліне деген жанашырлық, қамқорлық болмай істің

Соңғы жаңалықтар